Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы Бас ассамблеясының отырысы жылына 1 рет Астанада өткізіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы Бас ассамблеясының отырысы жылына 1 рет Астанада өткізіледі. Бұл туралы бүгін Ислам ынтымақтастық ұйымы бас хатшысының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Хамид А.Опелойеру мәлім етті.

Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы Бас ассамблеясының отырысы жылына 1 рет Астанада өткізіледі

«Бұл жиында біз ұйымның атқарушы кеңесін құрдық. Ол жылына кемінде бір рет Астанада өтетін болады. Өйткені, Астана бұл ұйымның штаб-пәтері саналады. Ал енді ұйымның Бас ассамблеясына қатысты айтар болсам, ол да жылына бір мәрте бас қосады», - деді ол.

ИЫҰ Бас хатшысының орынбасары да Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының бюджеті қатысушы елдердің жарнасы есебінен қалыптастырылатындығын атап өтті.

«Ұйымның атқарушы кеңесіне Түркия, Сауд Арабиясы, Бангладеш, Буркино-Фасо, Қазақстан, Судан, Нигерия және хатшылық бас директоры кіреді. Олардың барлығы 3 жылға сайланады», - деді Х.А.Опелойеру.