Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды

Жаңа аграрлық бағдарламаның бұған дейін жүзеге асырылған стратегиялардан басты ерекшелігі жеке, шағын шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтардың әлеуетін арттыру үшін, оларды кооперативтерге біріктіріп, осы арқылы ауылдағы әлеуметтік өмір деңгейін жоғарылату болып табылады. АӨК-ті дамыту бағдарламасының негізгі мақсаттарының бірі шағын және орта шаруашылықтарды ауылшаруашылық кооперациясына тарту.
Осы күні ауылшаруашылық өнімінің 80%-дан астамы жеке қосалқы қожалықтарда шығарылып, алайда, өңдеу өнеркәсіптеріне дейін бұл өнім жетпей жатады. Кооперативтерге біріктіру арқылы шешілетін негізгі мәселе - логистика. Қазақстан жыл сайын, сұйық май, ірімшік, жеміс консервілері, қант және т.б. азық-түлік өнімдерін импорттайды. Кооперация шеңберінде ауылшаруашылық тауарын өндірушілер өз тауарын өндіріп, ал, кооперативтер оны қала немесе кәсіпорынға дейін жеткізіп тұрады.
Шаруашылықты осы тұрпатта жүргізу үшін салық төлеу, несиелеу мен қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету мақсатында барлық жағдай қарастырылған.
Ауыл шаруашылығы министрлігі жоғарыда көрсетілген басым бағыттардың жаңартылған ережелерін, өнімді жұмыспен қамту мен жаппай кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасының шеңберінде микроқаржы ұйымдары мен несие серіктестіктерінің ауылды жерлер мен шағын қалаларда беретін микронесиеге кепілдік беріліп, микроқаржылық ұйымдардың операциялық шығындарын субсидиялау ережелерін бекітті.
2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджетте 2017-2021 жылдары Қазақстан Республикасындағы агроөнеркәсіп кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру үшін, шамамен 571,3 млрд теңге бөлініп отыр. Оның ішінде, 2017 жылы - 226,9 млрд теңге, оның ішінде республикалық бюджетті нақтылау барысында қосымша 41,6 млрд теңге бөлінді. 2018 жылы - 178,5 млрд теңге, 2019 жылы 165,9 млрд теңге қарастырылып отыр.
Тұрғындарды өнікті жұмыспен қамтып, азаматтарды кәсіпкерлікпен шұғылдануға тарту үшін, 2017-2019 жылдары өнікті жұмыспен қамту мен жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының шеңберінде, Ауыл шаруашылығы министрлігі 2017-2019 жылдарға 7 жыл мерзімге 18 млн теңгеге дейін жеңілдетілген несие беруі үшін республикалық бюджеттен 84,1 млрд теңге бөлініп отыр, оның ішінде 2017 жылы - 27,1 млрд теңге; 2018 жылы - 28,4 млрд теңге; 2019 жылы - 28,6 млрд теңге.
Ауылдық жерлер мен шағын қалалардың тұрғындарына микронесиелер «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ тарапынан қаржыландырылатын микроқаржылық ұйымдар мен несие серіктестіктері арқылы беріледі. 2017-2019 жылдары өнікті жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020»-ның орнын басты. Осы бағдарлама аясында ауылда өндірістік кооперативтер құру көзделіп отыр. Сонымен қатар, оларға мемлекеттік қолдаудың түрлі шаралары жасалып, соның арқасында ауылды жерлерде жұмыс орындары пайда болады.
Аграрлық саланың жаңа мақсаттарын жүзеге асыру арқылы ел дамуының тұрақтылығы қамтамасыз етіліп, еңбек өнімділігі артады, сөйтіп, тұрғындардың басым көпшілігінің әлеуметтік өмір деңгейі жоғарылай түседі. Қосалқы шаруашылықпен айналысатын ауыл тұрғындары өз өнімін кооперация арқылы тауар өндірісіне тарта алады, сөйтіп, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге зор үлесін қосады.