Азық-түлік келісім шарт корпорациясы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерден бидай мен арпа сатып алуда

АСТАНА. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Азық-түлік келісім шарт корпорациясы көктемгі-жазғы қаржыландыру арқылы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерден бидай мен арпаны форвардтық сатып алуды жүзеге асыруда, деп хабарлады АҚ-ның баспасөз қызметінен.
None
None

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ бюджеттік кредит қаражаты есебінен 13 млрд. теңге сомаға дейін «Агроөнеркәсіп кешені субъектілерін қолдау жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ын несиелеу» бюджеттік бағдарламасын іске асыруды бастады.

Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2013 жылғы 15 ақпандағы шешімімен көрсетілген қаражат 1 га егіс алаңына 6 000 теңге есебінен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК) кепілдемесімен көктемгі-жазғы қаржыландыру арқылы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерден (АШТӨ) бидай мен арпаны форвардтық сатып алуға жұмсалады.

АШТӨ-дің міндеттемелерін орындауы тиісті астық көлемін жеткізу және/немесе ақшалай қаражатты қайтару арқылы жүзеге асырылатын болады.

Азық-түлік келісім шарт корпорациясы қаржыландыратын АШТӨ-дің тізімін облыстық әкімдіктердің жанындағы Үйлестіру кеңестері жасайды.

Көрсетілген тізімге енгізілген АШТӨ-ден аталған бағдарламаға қатысуға өтінімдер Азық-түлік келісім шарт корпорациясының облыстық (өңірлік) өкілдіктерінде қабылданады.

Өткен жылы аталған бағдарлама бойынша Азық-түлік келісім шарт корпорациясы жалпы сомасы 13,4 млрд. теңгеге 1 442 АШТӨ-ді қаржыландырды.

Атап өтейік, көктемгі-жазғы қаржыландыру арқылы бидай мен арпаны форвардтық сатып алу дегеніміз - бұл ӘКК кепілдемесі және АШТӨ-дің белгіленген мерзімде тиісті астық көлемін жеткізуі арқылы Азық-түлік келісім шарт корпорациясының алдын ала төлеу шарттарымен бидай мен арпаны сатып алуы. Сондай-ақ «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ-ның негізгі қызметі мемлекеттік астық ресурстары мен одан қайта өңделген өнімдерді сатып алу, қалыптастыру, есепке алу, сақтауды ұйымдастыру, жаңарту, орнын ауыстыру, сатуды қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстанның Үкіметімен белгіленген басқа да қызметтер болып табылады. Компанияның жалғыз акционері «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ болып табылады.

Соңғы жаңалықтар