«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» мемлекеттік ресурстарға астық сатып алу үшін аграршылармен 900 млн. теңгенің шартын жасасты

деп хабарлады корпорацияның баспасөз қызметінен.
Республикада азық-түлік қауіпсіздігін, жұмылдыру мұқтаждығын қамтамасыз ету және астық нарығын жедел реттеу үшін Азық-түлік келісім шарт корпорациясы жыл сайын мемлекеттік ресурстарға астық сатып алады.
«Мемлекеттік ресурстарға 2013 жылғы егіннің астығын сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 349 қаулысымен мемлекеттік ресурстарға 2013 жылғы егіннің астығын сатып алуды жүзеге асыру үшін 13 млрд. 750 млн. теңге мөлшерінде бюджеттік қаражат сомасы белгіленді. Олардың ішінде:
6 млрд. 875 млн. теңге мөлшерінде көктемгі - жазғы қаржыландыру арқылы;
6 млрд. 875 млн. теңге мөлшерінде күзгі кезеңде. Көктемгі - жазғы қаржыландыруға қолданылмаған ақшалай қаражат күзгі кезеңде астық сатып алуға қолданылатын болады.
2013 жылғы 27 мамырдағы жағдай бойынша аталған бағдарламаға аграршылардан жалпы сомасы 884,7 млн. теңге сомаға 19 өтінім келіп түсті. Өтінімдерді қарағаннан кейін, 868,7 млн. теңге сомаға 17 шарт жасалды. Олардың ішінде сомасы 245 млн. теңгеге 2 өтінім қаржыландырылды.
«Үстіміздегі жылы көктемгі - жазғы қаржыландыру арқылы мемлекеттік ресурстарға астық сатып алу екінші деңгейлі банктердің кепілдемелерін беру шартымен бидайдың 1 тоннасына 20 000 теңге мөлшерінде АШТӨ-ді алдын ала қаржыландыру есебінен жүргізілетінін естеріңізге саламыз. АШТӨ міндеттемелерін орындауы күзгі кезеңде ҚР Үкіметі белгілейтін сатып алу бағасынан 3 пайыз мөлшеріндегі дисконтты есепке алғандағы тиісті астық көлемін 2013 жылғы 1 желтоқсанға дейін жеткізу арқылы жүзеге асырылады. Аграриялардың аталған бағдарламаларға қатысуға өтінімдері Азық-түлік келісім шарт корпорациясының облыстық (өңірлік) өкілдіктерінде қабылданады. Өтінімдерді қабылдау жалғасуда», - делінген хабарламада.