Азық-түлік келісім шарт корпорациясы облигацияларын толық өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың 28 желтоқсанында «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ Қазақстандық қор биржасында орналастырылған өзінің облигацияларын толық өтеді.

Азық-түлік келісім шарт корпорациясы облигацияларын толық өтеді

Жеке алғанда, ҰСН KZ2C0Y07E152 (коды PRKRb5) компанияның  облигациялары бойынша сомасы 33,3 млрд. теңге номиналды құнын, сондай-ақ сомасы 1,25 млрд. теңге купонды толық төлеу жүзеге асырылды.  

Анықтама:

2018 жылдың ішінде Азық-түлік келісім шарт корпорациясы 15,9 млн. АҚШ доллары сомасында «Аль-Хилял» банкінің және 9 млрд. теңге  сомасында «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ алдындағы қарыздарды өтеді.  

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ негізгі қызметі еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу, ішкі астық нарығын тұрақтандыруға және экспорттың дамуына жәрдемдесу. Компанияның жалғыз акционері «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі»  АҚ болып табылады.