«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары тағайындалды
АСТАНА. 1 сәуір. ҚазАқпарат - «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің 2011 жылғы 31 наурдағы шешімімен Байнақов Рахмет Ғазизұлы аталмыш компанияның басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Р.Байнақов 1975 жылы 6 наурызда Ақтөбе облысында дүниеге келді. Еңбек жолын 2000 жылы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік қарыз және несиелеу департаменті Үкімет қарыздары мен мемлекеттік кепілдіктер басқармасы бөлімінің бас экономисі, басшысы қызметтерінен бастады.
2007 жылдан бастап осы уақытқа дейін «ҚазАгро» Ұлттық холдингі» Акционерлік қоғамының басқарма мүшесі, басқарушы директоры қызметін атқарды.