«Азық-түлік корпорациясы» АҚ-ы шаруалардан 1 млн. 592 мың тонна астық сатып алды - А. Күрішбаев
ашаның 9-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгінгі күнге дейінгі жағдай бойынша «Азық-түлік корпорациясы» АҚ-ы отандық тауар өндірушілерден 1 млн. 592 мың тонна астық сатып алды.
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Корпорация тарапынан сатып алынған астықтың 417 мың тоннасы мемлекеттік ресурстар болып табылады. Ал Ұлттық қор қаражаты мен корпорацияның өз қаражатына сатып алған астық 1 млн. 121 мың тоннаны құрайды», деді министр А. Күрішбаев. Оның айтуынша, қазіргі таңда «Азық-түлік корпорациясы» АҚ-ы алдына қазақстандық шаруалардан астықты сатып алуды шапшаңдата түсу міндеті жүктеліп отыр. «Бұл шара ішкі нарықты жандандыра түсу үшін аса маңызды болып табылады. Жалпы, біз Үкімет тарапынан бекітілген шараларды толық жүзеге асырсақ, астық нарығында орын алған жағдайды тұрақтандыруға болады деп санаймыз», деді А. Күрішбаев.