Азық-түлік корпорациясы артылған астықты тасымалдап беруге даяр - Б.Қабдрахманов
АСТАНА. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгінде біз артылған астықты тасымалдап беруге даярмыз. Осыған байланысты жергілікті билік органдарына тиісті хаттар таратылды.
Бүгін Астанада өткен «Қазақстан фермерлері одағы» РҚБ Орталық кеңесінің мәжілісінде «Азық-түлік келісімшарт» корпорациясының басшысы Бейбітхан Қабдрахманов осылай айтты.
Оның сөзіне қарағанда, осы уақытқа Оңтүстік Орал темір жолы бойында орналасқан Мамлютка және Булаево элеваторлары тарапынан 20 мыңдай өтініш түсіп, ол бойынша барлық тасымалдау жұмыстары атқарылды.
«Бізде қажетті қаржы бар. Сондықтан кез келген өтінішті қарап, артылып қалған астықты тасымалдап беруге даярмыз», - дейді Б.Қабдрахманов.