Азық-түлік корпорациясы БАҚ өкілдерімен кездесті

АСТАНА. 21 қазан. ҚазАқпарат - Азық-түлік корпорациясының басшылары қазақстандық астық нарығы және оның экспорттық әлеуеті мәселелерін Астанада өткен отандық БАҚ өкілдерімен болған кездесуде жан-жақты талқылады.

Азық-түлік корпорациясы БАҚ өкілдерімен кездесті

Кездесу еркін тілдесу форматында «ҚазАгро» Ұлттық Холдингінің ұйымдастыруымен өтті. Үш сағаттық жиын барысында - астықтың сатып алу бағасының қалыптасуы механизмінен бастап, отандық астық инфрақұрылымының жағдайы және Бірыңғай астық холдингінің жұмысы мен әлем нарығындағы Қазақстан астығының әлеуетіне дейінгі сұрақтар қарастырылды. Азық-түлік корпорациясының Басқарма төрағасы Нұрлан Оспанов бастаған топ тілшілерге компания қызметі, сонымен қатар астықты сатып алу, сақтау және өткізу туралы ақпаратты сатылап жеткізіп берді.

Нұрлан Оспановтың сөзі бойынша ағымдағы жылы дәнді егіс - 20 млн.тоннаны құрады, оның 76,5 пайызы бидай, ал қалғаны арпа және басқа дәнді дақылдар. Егер қазақстандық астықтың 2011-12 жылдардығы экспорттық жағдайына көз жүгіртсек, оның едәуір көп бөлігі /46 пайызы/ Орталық Азия мемлекеттеріне, 12 пайызы Әзірбайжан және 30 пайызы - Қара теңіз портына жөнелтілді. Бұдан басқа Ресей, Қытай және Иранға астық экспортталды.

Бірыңғай астық холдингі құрамына бүгінгі күні еліміздің барлық аймақтарынан 200-ден 20 000 га дейін астық егу аймағы бар шағын және орта шаруалардан тұратын 56 қатысушы кіреді. Олардың басым бөлігі немесе 75 пайызға жуығы 5 000 га жоғары жер аумағы бар шаруалар.

Сондай-ақ, корпорация басшысы астықтың сапасы мен сақталуын қамтамасыз ету барысында 2013 жылы корпорацияның ықыласымен мемлекеттік бақылаушы органдар мен құқық қорғау органдары 434 рет тексеру жұмыстарын жүргізгендігін атап айтты.

Болашақта, «ҚазАгро» Ұлттық Холдингі Қазақстанда мал шаруашылығын дамыту сұрақтары бойынша, еліміздің ауыл шаруашылық кешені субъектілерін қаржыландыру шарттары мен механизмдерін БАҚ өкілдеріне жеткізу үшін қажетті мамандарды тарту арқылы семинар өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы «КазАгро» ҰБХ баспасөз қызметі хабарлады.