Азық-түлік» корпорациясы оңтүстік өңірлерге тағы да 100 мың тоннаға жуық астық жеткізуді жоспарлап отыр - Ауыл шаруашылығы министрі
АСТАНА. Шілденің 20-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - «Азық-түлік» корпорациясы оңтүстік өңірлерге тағы да 100 мың тоннаға жуық астық жеткізуді жоспарлап отыр.
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбеев мәлім етті.
«Жамбыл және Оңтүстік Қазақстандағы жағдайға тоқталсақ, осы өңірде 20,6 мың теңге көлемінде «Азық-түлік» корпорациясының 49 мың тонна астығы бар және олар нан бағасын тұрақтандыру үшін осы арзан астықты облыстардың диірмен кәсіпорындарына жеткізе бастады. Сонымен қатар, «Азық-түлік» корпорациясы оңтүстік өңірлерге тағы100 мың тоннаға жуық астықты жеткізуді жоспарлап отыр», - деді А.Күрішбаев.