Азық-түлік, құрылыс материалдары тиелген 8 жүк көлігі СҚО-ға жол тартты - Павлодар

АСТАНА. ҚазАқпарат - 110 тонна гуманитарлық көмек заттары тиелген сегіз жүк көлігі Павлодар облысынан Солтүстік Қазақстан облысына жүріп кетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz . 
None
None

null

Оның екеуі 700 шақырымдық жолды жүріп өтіп, кешке Петропавл қаласында болады. Қалған алты жүк көлігі «Нұр Отан» логотипімен бір жарым сағат бұрын Омбы тас жолымен жүріп кетті. Межелі мекенге жетпес бұрын жүк көліктері Ресей Федерациясының шекарасынан өтіп, Омбы қаласынан шығарып салынады.  Төтенше жағдай орын алған аймаққа Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы Владимир Берковский мен «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко  арнайы аттанды.

null

«Өңірдегі 30 ірі кәсіпорын мен орта және шағын бизнес өкілдері көмек қолын созды. Негізінен, ұн, макарон өнімдері, картоп, сұйық май, сондай-ақ тұрмыстық техника, теледидар, кір жуғыш машина, төсек-орын жабдықтары жиналды. Бәрі жаңа. Ақшалай көмекті жинаған жоқпыз. Көмек шарасы аймақ басшысы Болат Бақауовтың және аудандар мен қала әкімдерінің қолдауымен жасалды», - деді Илья Теренченко.  Владимир Берковский атап өткендей, Ертіс өңірінде Қазақстандағы су тасқыны жағдайы жіті назарға алынған. «СҚО-дағы әріптестерімізбен үнемі байланыстамыз. Павлодар облысы мұндай көмек беру шараларын бұрыннан бері жүргізеді. Әрине, жіберілген заттар зардап шеккендерге үлкен көмек болады. Біз бәріміз қазақстандықпыз - бір отбасымыз. Сондықтан қиындық келгенде жұмыла атсалысып көмектесу керекпіз», - деді Владимир Берковский. 

nullnullnullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар