Азық-түлік өнімдерінің өндірісіне қажет шикізаттың импортына баж салығы нөлге дейін төмендетілуі мүмкін

АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Азық-түлік өнімдері, шырындар мен май, сондай-ақ кабель,
None
None
шыны өндірістеріне қажетті және басқа да өндірістерге арналған шикізаттарға кедендік баж салығын нөлге дейін төмендету туралы Үкіметтің шешімі әзірленді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Индустрия және сауда министрі Владимир Школьник мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Министрдің айтуынша, сонымен қатар қаулы болаттан жасалған су жылытқыш қазандықтарға, кабельдік-сым, шыны өнімдері секілді дайын бұйымдардың импортына 15 және 30 пайыздық кедендік баж салығын бекітуді қарастырады. Мұнымен қоса, қаулыда азық-түлік өнеркәсіптері бойынша отандық кәсіпорындарға негізгі бәсекені тудыратын, яғни Қазақстанға баж салығынсыз өздерінің тауарларын тасымалдайтын елдермен жүргізілетін саудаға шектеу енгізу мүмкіндігі қарастырылуда.
Соңғы жаңалықтар