Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы 2009 жылы астықтың әлемдік өнімі төмендейді деп болжап отыр

НЬЮ-ЙОРК. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ - Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы 2009 жылы жайсыз ауа райының, түрлі қақтығыстардың және тұрақсыз нарық бағасының салдарынан астықтың әлемдік өнімі төмендейді деп болжап отыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қазірдің өзінде әлемнің 32 елінде азық-түліктің жетіспеушілігі сезілуде. БҰҰ ұйымының есебі бойынша 2008 жылдың екінші жартысында әлемдік бағаның төмендегеніне қарамастан, кейбір дамушы елдердің ішкі рыноктарында азық-түлік бағасы жоғары болып қалуда. Соның нәтижесінде, табысы төмен халық топтары тарығуда. Суық қыстың, қардың аз жаууы және ирригация үшін судың жетіспеушілігінің салдарынан 2008 жылы Қырғызстанда, Тәжікстан мен Түрікменстанда астықтың шығымы жылдағыдан әлдеқайда төмен болды. Қазақстанда 2007 жылғы көрсеткіштен 3 миллион тоннаға аз астық жиналған. 2008 жылы қыркүйектің 1-інде қазақстандық астықтың экспорты жанданғанына қарамастан, аймақтың азық-түліктік қауіпсіздігі сарапшылардың алаңдаушылығын туғызып отырған жайы бар.
Соңғы жаңалықтар