Б. Алдабергенова «Қазақстанның даму банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды
АСТАНА. 18 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Қазақстанның даму банкі» АҚ Директорлар Кеңесінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы шешімімен «Қазақстанның даму банкі» АҚ басқарма мүшесі Марат Айтеновтің уәкілеттігі берілген өтініш негізінде,
тараптардың келісімі бойынша 2013 жылғы 23 желтоқсаннан бастап мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Осы шешіммен 2013 жылғы 24 желтоқсаннан бастап уәкілеттік мерзімімен Баян Алдабергенова Басқарма төрағасының орынбасары - «Қазақстанның даму банкі» АҚ басқарма мүшесі болып тағайындалды.