Б.Әйтімова ҚР-ның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі және Куба Республикасындағы елшісі қызметінен босатылды

АСТАНА. 26 тамыз. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Бірғаным Сарықызы Әйтімова басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі қызметінен және Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Б.Әйтімова ҚР-ның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі және Куба Республикасындағы елшісі қызметінен босатылды

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.