Б.Бақауов «Ертіс-Қазхром» қыздар командасын жүлдесімен құттықтады

«Сіздердің ел біріншілігінде олжалаған қола медальдеріңіз облысымыздың спорт саласындағы мерейін өсірді. Облыс тұрғындары, команда жанкүйерлері сіздердің ойындарыңыздың әр матчын асқан қызығушылықпен тамашалады. Әйелдер командасы өздерінің талай жарыстарда шыңдалған шеберлігі мен спорттық кәсібилігі арқасында жеңіске жетіп, бізді қуантады деп сенемін», деді облыс әкімі.
Сонымен бірге, аймақ басшысы облыстағы волейбол және басқа да дәстүрлі спорт түрлерін дамыту мен қолдау көрсету ары қарай жалғасатынын атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, соңғы сегіз жыл ішінде «Ертіс-Қазхром» әйелдер влейбол командасы Қазақстан Республикасы чемпионаттарының түрлі дәрежедегі медальдеріне ие болды. 2008, 2010, 2011 жылдары команда Қазақстан Республикасы Кубогының жүлдегері болса, 2009 және 2014 жылдары Қазақстан Республикасы Кубогының қола медальдерін иеленді, ал, үстіміздегі 2016 жылы -Қазақстан Республикасы чемпионатының «қола» медальдеріне қол жеткізді.