Б.Ерназаров Алматы қаласы және Алматы облысы кедендік бақылау департаментінің бастығы болып тағайындалды
АСТАНА. 11 тамыз. ҚазАқпарат - Бауыржан Ерназаров ҚР Қаржы министрлігі Алматы және Алматы облысы кедендік бақылау департаментінің бастығы болып тағайындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне комитеттің баспасөз қызметінен хабарлады.
«Бауыржан Ерназаров бұл лауазымда Мұрат Баймұханбетовті алмастырды», - деді баспасөз қызметінен.
Айта кетейік, Б.Ерназаров бұған дейін Алматы және Алматы облыстық кедендік бақылау департаментінің контрабандамен күрес басқармасының бастығы қызметін атқарған болатын.