Б.Есентаева: «Turkvizyon-2014» түркі тілдес халықтарды біріктіреді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Turkvizyon-2014» түркітілдес халықтарды біріктіру үшін аса қажет. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде әнші Жанар Дұғалованың «Turkvizyon-2014» халықаралық ән байқауында жеңіске жетуіне орай ұйымдастырылған брифингте белгілі қазақстандық продюсер Баян Есентаева айтты.
None
None

«Түркі әлемінде осындай конкурстың пайда болуына өте қуаныштымыз. Ол түркі тілдес елдерді біріктіруге аса қажет. Әрине, біз бұл конкурсқа қатысудағы барлық жауапкершілікті жақсы түсіндік. Сондықтан Қазан қаласына барғанға дейін жақсылап дайындалдық. Біз конкурсқа өте салмақты туынды апару керек екенін жақсы білдік, сондықтан дайындық жұмыстарына өте көп кәсіби мамандар тартылды" , - деп атап өтті ол.

Соңғы жаңалықтар