Б. Есентаеваға қатысты оқиға тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемасын ашық көрсетті - Мемлекеттік хатшы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Б. Есентаваға қатысты оқиға тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемасын ашық көрсетті. Бүгін ҚР Бас прокуратурасында өткен Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасына арналған ведомствоаралық кеңесте Мемлекеттік хатшы Гүлшара Əбдіқалықова осылай мәлім етті.
None
None

«Былтырғы жылы мұғалім Светлана Сəдуованы күйеуі өртеп жіберген еді. Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды. Сондай-ақ, танымал продюсер Баян Есентаеваға қатысты оқиға тұрмыстағы зорлық-зомбылық проблемасын ашық көрсетті. Сондықтан да, бұндай проблемаларға қатысты еліміздегі қабылданған заңдарға өзгерістер енгізу мәселесін қарастыруымыз керек», - деді Мемлекеттік хатшы. Оның айтуынша, бүгінгі қоғам әйелдерді қорғауда қауқарсыздық танытып отыр. «Өйткені, әйелдердің басым жағдайда жергілікті полиция қызметіне барып шағымданбайды. Ал жәбір көрсетуші де, жалпы қоғамдық мораль да көбінесе мұндай зорлықшылықты қылмыс санамайды. Кейде полиция қызметкерлері қажетті материалды да таппайды, өйткені сол әйелдердің өзі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын, зорлықтың құрбаны болғанын жасырады», - деді Г. Әбдіқалықова.

Мемлекеттік хатшы сонымен бірге, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы саласындағы заңнаманы жетілдіру жұмыстарының маңыздылығын да атап өтті. «Заң барлық тұрғындарға түсінікті болуы және әр адам үшін қалыпты норма болуы үшін қызмет ету керек. Біз әйел адамдарға медициналық, құқықтық, психологиялық көмек көрсету жөнінде мемлекеттік кепілдіктерді нығайту мәселелеріне мейлінше назар аударуға тиіспіз», - деді ол.

null null null 

Соңғы жаңалықтар