Б.Есентаеваның сіңлісі әлеуметтік желілердің пайдаланушыларына мәлімдеме жасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Күйеуі ұрып-соққаннан кейін ауруханаға түскен қазақстандық продюсер Баян Есентаеваның сіңлісі Бағым Мұхитденова әлеуметтік желілердің пайдаланушыларына мәлімдеме жасады.

«Құрметті достар! Отбасымыздағы қайғылы жағдайға байланысты әлеуметтік желілерге кіретін уақыт болмады. Біз көргенді Құдай өзгеге жазбасын!  Әпкемнен айырылып қаламын ба деп қорықтым. Әпкемді қатты сүйемін.  Ол кішкентай кезімнен мені бағып-қаққан жанашыр адамым. Қазір де еш нәрсе өзгерген жоқ, ол менің әпкем...

Қазір ол әлсіз жатқандықтан, ол өзінің жарияланып кеткен суреттерінің (мәдениетсіз, адамгершілігі жоқ аурухананың медбикесі түсірген суреті, бұл қылығы үшін тиісті жазасын алады) таралуына тыйым сала алмайды. Мұны жариялауды доғаруларыңызды сұраймын...», - деп Бағым Мұхитденова Instagram-дағы парақшасында жазды.

Еске сала кетейік, белгілі тележүргізуші және продюсер Баян Есентаева 10 маусымда ми-бас жарақатымен, мұрнының сынуы және пышақ жарақаты салдарынан  Алматы облысындағы Талғар аудандық ауруханасына түсті.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар
telegram