Б.Гейтс 19-рет «ең дәулетті» адам атанды

АСТАНА. 23 қыркүйек. ҚазАқпарат - Жыл сайынғы дәстүрмен Forbes журналы Американың ең дәулетті адамдарының тізімін анықтады.

Б.Гейтс 19-рет «ең дәулетті» адам атанды

Ол тізімнің басында 66 миллиард доллары бар кәсіпкер Билл Гейтс тұр. Бұл туралы «Алаш айнасы» жазады.

Tengrinews.kz-тің хабарлауынша, Билл Гейтс тағы да Американың миллиардерлер тізімінің көшін бастап тұр. Осымен 19-рет ең ауқатты адамдардың алғашқысы болып танылып отырған Microsoft компаниясының негізін қалаушылардың бірі Б.Гейтстің байлығы былтырғы көрсеткіштен 7 млрд. долларға артып, оның дәулеті 66 млрд. АҚШ доллары екені анықталған. Американың 56 жастағы кәсіпкерінен кейінгі орындарға инвестор Уоррен Баффеттс 46 млрд. доллармен және Oracle-нің негізін қалаушы Ларри Эллисон 41 млрд. доллар көрсеткішпен рейтингінің екінші, үшінші орындарына жайғасыпты. Мамандардың айтуынша, биыл жолы болмай, керісінше төменгі сатыларға сырғанағандардың қатарында Facebook-тың негізін салушы Марк Цукерберг бар. Ол былтыр иемденген 14-орыннан биыл 36-ға дейін бірден құлдыраған көрінеді. Forbes қызметкерлерінің мәлімдеуінше, М.Цукербергке бір жылдың ішінде 8,1 миллиард доллар шығын келген.