Б. Иванишвили «Грузин арманы» атынан президенттікке үміткерді таныстырды
АСТАНА.13 тамыз. ҚазАқпарат - Грузияның премьері Бидзина Иванишвили жақында «Грузин арманы» коалицияның атынан президенттікке үміткер кандидат ретінде Грузияның Білім және ғылым министрі Георгий Маргвелашвилиді ресми түрде таныстырды.
«Біз жеңіске жету үшін дайындалып жатырмыз. Президент кандидаттығына біздің қоғамның лайықты өкіліжәне еуропалық стильдің көшбасшысын таныстырамыз», - деп мәдімдеді Б. Иванишвили.
Премьер-министр Г. Маргвелашвилиді еркін және әділ сайлауда жеңіп шығатын талантты, тәуелсіз, батыл және парасатты адам ретінде мінездеме берді. Үміткердің өзі болса сайлаушының әрбір даусы үшін күресетінін мәлімдеді.
Грузиядағы перзидент сайлауы 27 қазанға белгіленген. Үміткерлерді ресми түрде тіркеу қыркүйектің 7-сі басталады.