Б.Ізмұхамбетовті Атырау облысының әкімі қызметіне тағайындау туралы Мемлекет басшысының Жарлығы
АСТАНА. 16 тамыз. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Б.С.Ізмұхамбетовті Атырау облысының әкімі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.
ҚазАқпарат Жарлықтың мәтінін таратады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Б.С.Ізмұхамбетовті Атырау облысының әкімі қызметіне тағайындау туралы
Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов Атырау облысының әкімі болып тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2012 жылғы 15 тамыз №366