Б. Камалиев теміржол паромды тасымалдауларды дамыту жөнінде жиналыс өткізді

ТАНА. 29 қыркүйек. ҚазАқпарат. 2011 жылғы 29 қыркүйекте ҚР Көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев теміржол паромды тасымалдауларды дамыту жөнінде жиналыс өткізді. Жиналысқа мемлекеттік органдардың, «Самұрық-Қазына», «Қазмұнайгаз», Ақтау порты, «Казмортрансфлот» компаниясы және «ҚазГидро» ЖШС өкілдері қатысты, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Б. Камалиев теміржол паромды тасымалдауларды дамыту жөнінде жиналыс өткізді

Б. Камалиев қатысушыларға ҚР Премьер-Министрі Карім Масімов түрлі қаржыландыру есебінен теміржол паромдарын сатып алу және сатып алынған кемелерге салықтық, кедендік жеңілдіктер ұсыну, «Казмортрансфлот» сатып алатын кемелер үшін порттық алымдар бойынша жеңілдіктер ұсыну және Ақтау немесе Құрық порттарында теміржол паромы кешені құрылысының нұсқаларын қарастыру мәселелері бойынша бірлесіп жұмыс істеуді тапсырғаны туралы хабардар етті.

Қатысушылардың ойларын тыңдап, көлік ведомствосының басшысы Б.Камалиев «Казмортрансфлот» компаниясының мүдделі тараптарынан келіп түсетін ақпарат қорытындысы бойынша Ақтау немесе Құрық порттарында теміржол паромды кешені құрылысының нұсқаларына салыстырмалы сараптама жүргізуді ұсынды.