Б. Қасымбаев Бас әскери прокурордың орынбасары болып тағайындалды

АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокурорының бұйрығымен Бақытберген Иембергенұлы Қасымбаев Бас әскери прокурордың орынбасары болып тағайындалды, деп хабарланды қадағалау ведомствосының ресми порталында.
None
None

Әділет полковнигі Б.И.Қасымбаев әскери органдардың қызметінің, сот актілерінің және сотта мемлекет мүддесін білдіру заңдылығына, сондай-ақ, әскери қызметшілер, ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеп жатқан адамдардың құқықтарын сақтауды қадағалау мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

Бұған дейін бұл қызметті атқарған Бауыржан Қыпшақұлы Мырзакеров Павлодар облысы прокурорының орынбасары болып тағайындалды

Соңғы жаңалықтар