12:58, 05 Шілде 2010 | GMT +5
Б.Коморовский Польша президентін сайлауда жеңіске жетуде
АСТАНА. Шілденің 5-і. ҚазАқпарат - Польша президентін сайлаудың екінші турында Бронислав коморовский жеңіске жетуде. Бюллетеньдердің 95 пайызын өңдегеннен кейін оның қарсыласы Ярослав Качиньскийден 5 пайыздан аса басым түскені белгілі болды, деп хабарлады Би-Би-Си.

Польшаның сайлау комиссиясы сайлаудың түпкілікті қорытындысын дүйсенбі күні түстен кейін жариялайды.
Б.Коморовский - Польша президентінің міндетін уақытша атқарушы, ал Ярослав Качиньский - сәуір айында Смоленск түбінде апатқа ұшыраған Польша президенті Лех Качиньскийдің егіз бауыры.