«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға арналған конкурстар жарияланатын баспасөз басылымдары анықталды
АСТАНА. 17 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бұйрығымен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға арналған конкурстарды өткізу туралы хабарландырулар жарияланатын мерзімді баспасөз басылымдары анықталды.
ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бұйрығы №06-7/92
2013 жылғы 26 маусым Астана қаласы
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға арналған конкурстарды өткізу туралы хабарландырулар жарияланатын мерзімді баспасөз басылымдарын анықтау туралы
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 14-бабының 2-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға арналған конкурстарды өткізу туралы хабарландырулар жарияланатын мерзімді баспасөз басылымдары бекітілсін.
2. Мемлекеттік қызмет персоналын басқару бөлімі (Т.Қ.Жұмағұлов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді және ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оны бірінші рет ресми жариялағаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға А. Байменов.
Қосымшаның мәтіні республикалық БАҚ-тарда жарияланды.