Б.Момышұлының 100 жылдығына арналған «Қазақстан жүрегімде» кітабының тұсаукесері өтті
АСТАНА. Сәуірдің 26-сы. ҚазАқпарат. Астана қалалық №3 мектеп-гимназиясында Б.Момышұлының 100 жылдығына арналған «Қазақстан жүрегімде» кітабының тұсаукесері өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Кітаптың негзгі арқауы - отансүйгіштік тақырыбы .Онда отансүйгіштік дегеніміз не, отансүйгіш азамат қандай болу тиіс деген мәселелер қозғалады», - деді кітап авторы, Көкшетау қалалық №5 мектеп-гимназияның мұғалімі Әлия Ахетова. - Соғысқа қатысқан қаһармандар көп, бірақ халық батыры-жалғыз, ол - Б.Момышұлы. Кітаптың негізгі әрі ең үлкен бөлімі халық батыры, отансүйгіш азамат Бауыржан Момышұлына арналып отыр».
Аталмыш еңбек ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша жазылып отыр. «Қазіргідей кітаптың жарық көруі автордың жеке қаражатына қарап қалған күнде, қатардағы мектеп мұғалімінің бағы жанып, министрліктен тапсырыс алуы - авторлар қауымы үшін қуантарлық жайт», - деді «Нива» журналының бас редакторы, ақын В.Гундарев.