Б.Момышұлының атында арнайы сайт ашу қажет - ғалым пікірі
СТАНА. Сәуірдің 22-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Менің ойымша, Бауыржан Момышұлының атында арнайы сайт ашу қажет.
Бүгін Еуразия ұлттық университетінде өткен конференцияда аталған оқу орнының проректоры Дихан Қамзабекұлы осындай ұсыныс жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазіргі кезде заман сондай - сол сайтты ашқан адам халқымыздың батыры, сардар, жазушы Бауыржан Момышұлының барлық еңбектерін табуы тиіс», - дейді Д.Қамзабекұлы. Сондай-ақ ғалым Б.Момышұлы атындағы орденді тағайындау қажет екендігін ерекше атап өтті.