Б. Мусин «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның Басқарма төрағасы болып тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бағдат Мусин «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның Басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы ол өзінің Твиттердегі парақшасында хабарлады.
Осы тағайындауға дейін Бағдат Мусин ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің ХҚКО қызметін үйлестіру комитетінің төрағасы қызметінде болды. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ - ҚР-дың ақпараттық технологиялар саласындағы ұлттық операторы, мемлекеттік ақпараттық жүйелер және өзара әрекеттесуші ұйымдарды құру бойынша өкілетті ұйым. Бұл қызметтің негізгі бағыттары: ИТ-консалтинг, аутсорсинг, жүйелік интеграция, телекоммуникациялық инфрақұрылымды құру, электронды құжат айналымы, сынау (зерттеу) зертханасы.