Б. Нұрғалиев ҚР-дың Израильдегі және Кипрдегі Елшісі қызметінен босатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Болат Қабдылхамитұлы Нұрғалиев зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Кипр Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.