08:47, 08 Шілде 2016 | GMT +5
Б. Обама: АҚШ полициясы ақтарға қарағанда афроамерикандықтарды екі есе көп өлтіреді
АСТАНА. ҚазАқпарат - НАТО саммитіне қатысу үшін Варшава қаласына келген Барак Обама американдық полиция жұмысын, олардың заңсыз әрекеттерінің кесірінен ақтарға қарағанда афроамерикандықтардың көп зардап шегетінін айтты, деп хабарлайды РИА Новости.
![None None](/static/img/plug.webp)
«Барлық американдықтар осы мәселеге алаңдаулы. Бұл бөлек оқиғалар емес, Америка құқық қорғау құрылымдарындағы ұдайы болып тұратын жайттар», деді президент полициядағы заңсыздықтар туралы.
«Полиция қызметкерлері ақтарға қарағанда афроамерикандықтарды екі есе көп өлтіреді». Оның ойынша, мұның бәрі АҚШ-та теңдіктің болмауын білдіреді. Сонымен қатар, Б.Обама полиция қызметкерлерінің көпшілігі өзінің күнделікті жұмысын жақсы атқаратынын атап өтті.