08:02, 04 Сәуір 2015 | GMT +5
Б.Обама Аляскадағы барлау-бұрғылау жұмыстарына тыйым салуға шақырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ Президенті Барак Обама Аляска аумағын қорыққа айналдыру туралы ұсыныс жасады, деп хабарлады ВВС агенттігі.

Палата спикеріне жолдаған хатында Обама осындай жолмен аталған штаттың ерекше табиғатын сақтап қалуға болатынын көрсеткен.
Аляскада жоғалып кетуге аз қалған құстар мен өсімдіктер түрі бар.
Егер конгресс Алясканы қорыққа айналдыратын заң қабылдар болса, тау-кен, барлау және бұрғылау жұмыстарының барлық түрі тоқтатылатын болады.