Б.Обама американдықтардың арасында беделін жоғалта бастады

АСТАНА.  Тамыздың  14-і.  ҚазАқпарат -   Американдықтардың    арасында АҚШ Президенті  Барак Обаманың   беделі  төмендей  бастады, 

Б.Обама  американдықтардың  арасында  беделін жоғалта  бастады

деп   хабарлайды     Fox News  телеарнасы.    Бұған Rasmussen Reports     зерттеу  қызметі   жүргізген     сауалнаманың  жарияланған  мәліметтері    дәлел.

 Сауалнама   қорытындысы  бойынша, Б.Обаманың мемлекет басшысы  лауазымындағы  қызметін    АҚШ  азаматтарының  47 пайызы   қолдап  отыр, ал   52 пайызы  керісінше, риза  емес.

 Бұл - Обаманың   билік басына  келгелі  бері  тіркеліп отырған ең төменгі   көрсеткіш.   Мамандар бұл жайтты  американдықтардың  президенттің экономикалық саясатына,  денсаулық саласындағы  реформалардың барысына  қанағаттанбауымен  түсіндіріп  отыр.    Сауалнамаға 15 мыңнан  астам американдық қатысқан.

Мамыр айында  Обаманың  қызметін   АҚШ азаматтарының  59 пайызы қолдағанын  айта кету керек.