Б.Обама Конгрестен мемлекеттік қарыз мәселесін 36 сағат ішінде шешуді талап етті
АСТАНА. 15 шілде. ҚазАқпарат - АҚШ Президенті Барак Обама Конгрестен сенбі күні таңертеңге дейін мемлекеттік қарыз мөлшерінің шегін арттыруға қатысты мәселе туралы келісуді талап етті,
деп хабарлайды Утро.ру агенттігі.
АҚШ-тағы мемлекеттік қарыз мамыр айында шегіне жеткен болатын, алайда демократтар мен республикалықтар әлі күнге дейін оны көтеру шарттары туралы келісе алмай отыр.