Б. Обама ОАР-ға Нельсон Манделаның жаназасына барады
АСТАНА. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алдағы аптада АҚШ Президенті Барак Обама мен оның зайыбы Мишель Оңтүстік Африка Республикасына барып, Нельсон Манделаның қайтыс болуына байланысты қазалы шараға қатысады.
Шетелдік БАҚ-тың жазуынша, сонымен қатар жаназаға Джордж Буш-кіші, Билл Клинтон және Джимми Картер секілді АҚШ-тың бұрынғы үш президенттері барады деп күтілуде.
Сейсенбіде Йоханнесбург маңындағы 95 мың орындық олимпиадалық стадионда жаппай қазалы рәсім өтеді.
Н. Манделаны мемлекеттік жерлеу оның туған жері Куна елді мекенінде 15 желтоқсанда өтеді. Айта кетейік, Оңтүстік Африка Республикасының бұрынғы басшысы 95 жасында өткен бейсенбіден жұмаған қараған түні өмірден озды.