Б.Обама президенттік антты қайталап беруге мәжбүр болды

ВАШИНГТОН. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат - Барак Обама президенттік антты қайталап беруге мәжбүр болды.

Б.Обама   президенттік антты қайталап беруге   мәжбүр болды
Екінші рәсім Ақ үйде өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Президенттің баспасөз қызметінің хабарламасы бойынша, қаңтардың 20-сы күн, Б.Обама бүкіл ұлт алдында ант қабылдаған кезде, танымал мәтінде кішкентай қателік кетіп қалған. Қайтадан өткізілген ант беру рәсімі осы жаңсақтықты түзетуге негізделген. АҚШ-тың жаңа президенті мәтінді айту кезінде қандай қателік жібергені белгісіз. Екі сөйлемнен тұратын антта Обаманың қай жерде қателескені тіптен түсініксіз.