Б.Обама: Ресейдің ДСҰ-ға кіруі бүкіл әлемдік экономикаға тиімді

АСТАНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат - АҚШ Президенті Барак Обама Ресейдің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жоспарын батыл қолдады.

Б.Обама: Ресейдің ДСҰ-ға кіруі бүкіл әлемдік экономикаға тиімді

«Мен РФ ДСҰ мүшесі болатынына сенемін. Өз тарапымыздан біз мұны жүзеге асыру үшін барынша күш-жігер жұмсауға тиіспіз», - деп мәлімдеді американдық көшбасшы экспорт жөніндегі өз кеңесшілерімен кездесуінде. Reuters агенттігі Ақ үй басшысының «Ресейдің ДСҰ-ға кіруі бұл елге де, біздер үшін де және бүкіл әлем экономикасы үшін де тиімді», - деген сөздерін келтірген.

Ресей ДСҰ-ға 2011 жылдың соңына дейін қосылуды жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда Ресей осы халықаралық құрылымға ықпалдаспаған ірі экономикалы ел болып отыр. Дүниежүзілік банктің бағалауынша, ДСҰ-ға кіруі орта мерзімді персективада Ресейдің жалпы ішкі өнімінің 3,3 пайызға, ал ұзақ мерзімде - 11 пайызға дейін артуына жәрдемдеседі.