Б.Обама Сирияға әскерді кіргізбеуге уәде етті

АСТАНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат – АҚШ Президенті Барак Обама америкалық әскерлердің Сирия аумағына кіргізілуі мүмкіндігін жоққа шығарды. Бұл туралы РБК хабарлады.

Б.Обама Сирияға әскерді кіргізбеуге уәде етті

Тиісті мәлімдемені америкалық көшбасшы осы уақытта сапармен жүрген Коста-Рикада өткен баспасөз мәслихатында жасады.

Журналистер алдында сөйлеген Б.Обама Сирияға әскерлерді жіберу мәселесін қарастырып отырмағандығын нақты айтып өтті.

«Әскерлерді жіберуді көздейтін сценарийді қарастырып отырғанымыз жоқ», - деп мәлім етті АҚШ Президенті.

Б.Обама сондай-ақ Құрама Штаттар Башар Асадтың үкіметінің химиялық қаруды пайдалануы мүмкіндігіне қатысты қандай да бір асығыстық шешім қабылдамайтындығын атап өтті.