Б.Обама «Үміт концертінде» сөз сөйледі
АСТАНА. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - АҚШ Президенті Барак Обама алғаш рет еске алу күні америкалықтардың алдында сөз сөйледі.
«Бүгін біздің еш нәрсеміз өзгермегенін: біздің ұлттық мінезіміз өзгермегенін, біздің жаратушыға деген өзмізге деген сеніміміз азаймағанын еске алуымыз керек», - деді Б.Обама.
Оның айтуынша, өткен он жылда америкалықтар өздерінің ерік-жігерлері мен рухтарын қандай да кесепат төмендете алмайтындығын дәлелдеп берген көрінеді, деп хабарлайды Euronews.
Еске алу күні астаналық Кеннеди орталығындағы «Үміт концертімен» аяқталды. Музыканттар мен әртістер сол қайғылы он бірінші қыркүйек күні туралы шығармалар орындады. Ал егіз мұнараның орнында екі жарық бағаны сәуле шашып тұрды.