17:03, 28 Сәуір 2013 | GMT +5
Б.Обаманы уламақ болған күдіктіге қатысты тергеу ісі жалғасуда
АСТАНА. 28 сәуір. ҚазАқпарат - Жақында АҚШ Президенті Барак Обаманы рицинмен улаламақ болған күдіктіге қатысты тергеу жалғасып жатыр, деп хабарлайды 24.kz

Миссисипилік спорт жаттықтырушысына ресми түрде айып тағылғандығын АҚШ Барлау қызметі мен Әділет министрлігіне сілтеме жасай отырып «Рейтерс» агенттігі хабарлады. 41 жастағы Эверетт Датчке рицинді сақтап, оны биологиялық қару ретінде пайдаланған деген айып тағылды. Егер кінәсі дәлелденсе, онда ол өмір бойы бас бостандығынан айырылып, 250 мың АҚШ доллары мөлшерінде айыппұл төлейтін болады. Іс бойынша сот отырысы 29 сәуірге белгіленді. Естеріңізге сала кетейік, Ақ үйдің қауіпсіздік қызметі күдікті ақ ұнтақ салынған бірнеше хатты тапқан болатын. Хаттар Президент Барак Обама мен сенатор Роджер Уикердің атына келген.