Б.Обаманың әкімшілігі мемлекеттік бюджеттегі рефордтық дефицит үшін кінәні бұған дейінгі билікке жүктеп отыр
АСТАНА. Қазанның 17-сі. ҚазАқпарат - АҚШ Президенті Барак Обаманың әкімшілігі 2008-2009 қаржы жылының федералдық бюджетіндегі рекордтық дефицит үшін кінәні бұған дейінгі билікке жүктеп отыр. «2009 қаржы жылындағы бюджет дефицитінің көп бөлігі бұған дейінгі әкімшіліктен қалған шығыстармен және салық саясатымен мазмұндалады», - делінген АҚШ Қаржы министрлігінің бюджеттік есебінде.
Бұл туралы РБК агенттігі хабарлайды.
АҚШ Қаржы министрлігінің ақпараты бойынша, экономиканы тұрақтандыруға және қаржы секторын қалпына келтіруге бағытталған жаңа әкімшіліктің әрекеттері қорытынды бюджеттің дефициттің тек 24 пайызын ғана құрайды.
Бұған дейін хабарлағандай, қыркүйектің 30-ында аяқталған 2008-2009 қаржы жылы бойынша АҚШ федералдық бюджетінің дефициті рекордтық көрсеткішке - 1,417 триллион долларға жетіп, былтырғы дефициттен 455 миллиард долларға асып түскен. АҚШ-тың бюджеттік дефициті елдің жалпы ішкі өнімінің 10 пайызын құрап отыр.