Б.Обаманың Президент болып сайлануы Америка үшін айқындаушы, шешуші сәт болды ? Ж.М. Баррозу

БРЮССЕЛЬ. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ – Еурокомиссияның төрағасы Жозе Мануэль Баррозу Америка Құрама Штаттарының жаңадан сайланған президенті Барака Обаманы ұлықтауға байланысты құттықтау жолдады,

Б.Обаманың Президент болып сайлануы Америка үшін айқындаушы, шешуші сәт болды ? Ж.М. Баррозу
деп хабарлайды ҚазАқпарат Еурокомиссияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Президент Обама өзінің тарихи мандатын бастайтын болғандықтан мен Еуропаның және АҚШ-тың трансатлантикалық байланыстарды одан әрі тереңдете түсуіне және қазіргі уақытта орын алып отырған жағдайларға қарсы күресті күшейтуге қосылуға шақырамын. Біздер бірлесе отырып, жаһандық міндеттемелердің жаңарған саясатын жүргізуіміз керек», ? делінген Ж.М.Баррозудың құттықтау мәлімдемесінде. «Өз басым, Обаманың Президент болып сайлануы Америка үшін айқындаушы, шешуші сәт болды деп ойлаймын және бұл сонымен қатар әлемнің басқа бөлігі үшін маңызды өзгерістері сәті болмақ», ? деді сөзінің соңында Еурокомиссияның төрағасы