Б.Обаманың рейтингі құлдырай бастады

ВАШИНГТОН. Ақпанның 21-і. ҚазАқпарат - АҚШ-та жүргізілген қоғамдық сауалнаманың қорытындысына сүйенсек, американдықтардың 67 пайызы Барак Обаманы қолдап отыр.
None
None
Бұл ақпан айының басында өткізілген бұған дейінгі сауалнама нәтижесінен 9 пайызға төмен, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Демократиялық партия мүшелерінің қолдауы 96 пайыздан 92 пайызға дейін төмендесе, республикалық партия мүшелерінің қолдауы ? 50 пайыздан 31 пайызға дейін төмендеген. Ал ешқандай партияға қатысы жоқ американдықтардың қолдауы 69 пайыздан 61 пайызға дейін түскен. Дегенмен, бұл көрсеткіштер бойынша қандай да бір қорытынды жасауға әлі ертерек. Себебі Б.Обама осыдан үш күн бұрын ғана «үлкен іс» атқарып, америка экономикасын 787 миллиард доллар сомаға ынталандыру туралы жоспарға қол қойды. Егер жаңа президент уәде еткендей, 4 миллионға дейін жаңа жұмыс орындарын аша алса, жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны көтерсе, көлік инфрақұрылымын қайта жаңартып, жаңа технологияларға инвестиция ағымын арттырса, .т.б. шаралар атқарса Обаманың рейтингі сөзсіз көтеріледі, дейді сарапшылар.
Соңғы жаңалықтар