Б. Сағынтаев бірыңғай құрылыс кодексін әзірлеуді ұсынды

АСТАНА. 9 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада өткен алқа мәжілісінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары-Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев құрылыс нормаларына ауқымды оңтайландыру жүргізу керектігін айтты.

Б. Сағынтаев бірыңғай құрылыс кодексін әзірлеуді ұсынды

«Атап айтқанда, артық талдап тексеру шаралары мен қарама-қайшылықтар жойылуы тиіс. Яғни, бұл қандай да бір көрсеткіштер үшін жасалмауы керек. Бұл тұрғыда сапаға зиян келмеуі шарт», -деді министр.

Осыған байланысты бір айдың ішінде Үкіметке енгізу үшін нақты ұсыныстарды әзірлеуді тапсырды. «Бұл мәселе бойынша бізге бірыңғай құрылыс кодексін әзірлеу туралы ойлану керек шығар»,-деп атап өтті Б. Сағынтаев.

Оның пайымынша, бұл өз кезегінде құрылыс саласындағы барлық мамандарды құрылыс базасы мен нормалары және көрсеткіштерін білуіне байланысты бақылауға мүмкіндік береді.