Б. Сағынтаев елордаға іргелес жатқан елді мекендердің дамуы мәселесімен айналысады

АСТАНА. 11 ақпан. ҚазАқпарат - 14 ақпанда ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары-Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев Ақмола облысына жұмыс сапармен барады.

Б. Сағынтаев елордаға іргелес жатқан елді мекендердің дамуы мәселесімен айналысады

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«Сапар аясында ол 2011-2014 жылдарға арналған Астана қаласына іргелес жатқан елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын іске асыру барысымен егжей-тегжейлі танысады деп күтілуде», - деді А. Әбибуллаев.