Б.Сағынтаев Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев инвестициялық ахуалды жақсарту жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Б.Сағынтаев Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес өткізді

Отырыстың негізгі тақырыбы - Сот реформасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес.

Кеңес мүшелері халықаралық тәжірибе негізінде сот жүйесін жаңғырту және Қазақстанда қолайлы бизнес-климат құру аясында сыбайлас жемқорлық қаупін жою мәселелерін талқылады.

Кеңес қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев жауапты мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма берді.