Б. Сағынтаев «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды

АСТАНА. 22 ақпан. ҚазАқпарат - «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 5 шешіміне сәйкес ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Өңірлік даму министрі Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Б. Сағынтаев «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды

Бұл туралы «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Бақытжан Сағынтаев 1963 жылы 13 қазанда Жамбыл облысының Талас ауданы, Үшарал ауылында туылған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін бітірген, экономист, саяси экономика пәнінің оқытушысы. Экономика ғылымдарының кандидаты. Түрлі жылдарда Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің жетекшісі, Павлодар облысының әкімі қызметтерін атқарды.

2012 жылы ҚР Экономикалық даму және сауда министрі болды.

2012 жылдың қыркүйек айы мен 2013 жылдың қаңтар айы аралығында «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Ал 2012 жылдың 16 қаңтарынан бастап жаңадан құрылған ҚР Өңірлік даму министрі және ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары қызметтерін қатар атқарып келеді.