Б. Сағынтаев МӨЗ қайта жөндеу мен жаңғырту жұмыстарын кестеге сәйкес аяқтауды тапсырды
ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлағандай, мәжілісте ішкі нарықты ашық түсті мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету мәселелерін қарады, сондай-ақ Павлодар мұнайхимиялық зауыты, Атырау, Шымкент мұнай өңдеуші зауыттарды қайта өндеу және жаңғырту жобаларының іске асырылу барысы жайлы есепті тыңдады.
ҚР Энергетика министрлігінің деректеріне сүйенсек, 2014 жылы бұл кәсіпорындарда шамамен 1,9 млн тонна АИ-2 маркалы бензин және 4,1 млн. тонна дизель отыны өндірілді. АИ-92 маркалы бензинді ішкі тұтыну көлемі 2,9 млн тоннаны, дизель отыны - 4,9 млн. тоннаны құрады. Мұнай өнімдерінің жетіспейтін көлемі импортталды.
Үш отандық МӨЗ қайта жөндеу мен жаңғыртуды 2016 жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарланған. Бұл ашық түсті мұнаймен ішкі сұранысты толықтай қамтамасыз етуге, 2017 жылы зауыттардың жиынтық қуатын жылына 18,5 млн. тоннаға ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Бақытжан Сағынтаев бекітілген кестеге сәйкес МӨЗ қайта жөндеу және жаңғырту жұмыстарын аяқтауды тапсырды. Жобаларды іске асыру барысы ҚР Үкіметінің тұрақты бақылауында.