Б.Сағынтаев пен Ф.Етьен Қазақстан мен Францияның сауда-экономикалық қатынастарын талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Франция Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Франсис Етьенмен кездесу өткізді.

Б.Сағынтаев пен Ф.Етьен Қазақстан мен Францияның сауда-экономикалық қатынастарын талқылады

Бұл туралы ҚазАқпарат primeminister.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Кездесу барысында екі елдің сауда-экономикалық қатынастары, тауар айналымына қолдау көрсету, инвестиция, энергетика, туризм, әскери-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.